"Қазақстан және әлемдік қауымдастық тақырыбында" эссе
КЕРЕК ​

Алла1666666 Алла1666666    2   15.02.2021 06:00    2

Ответы
SuperFox9472 SuperFox9472  17.03.2021 06:05

Қазақстан және әлемдік қауымдастық

1992 жыл Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз мемлекет ретінде танылу жылы болды. 1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп 30 ел таныды. Осының арқасында 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 46/224 Қазақстан Республикасын БҰҰ-на қабылдау туралы қарарына бірауыздан дауыс берді.

БҰҰ әлем халықтары Қазақстан­ның бейбіт­шілік пен ынтымақтастық саясаты­ның куәсі болғандығын айтады. Осы жылы Қазақстан Еуропадағы ынты­мақтастық және қауіпсіздік ұйымына (ЕЫҚҰ) мүшелікке өтті. 1992 жылдың соңында Қазақстанды дүниежүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнады. Еліміз аз ғана уақытта әлемдік қауымдастыққа еніп, танымал болуына оның БҰҰ-на мүше болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтасу құнды­лықтарын жақтайтын дамыған әлемдік қатынастар жүйесіне енді. БҰҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік саясаттың барлық салаларына қатысуға толыққанды мүмкіндік алды. Ол өзінің ұлттық мүдделерін қорғай алатын әлемдік саясат субъектісіне айналды. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көпвекторлық сыртқы саясат ұстанды. Ол әлемдік басым державалар арасындағы қатынастарды, халықаралық қатынастардағы одақтар жүйесін және әлемдік тартылыс күштерінің негізгі нүктелерінің ықпалдарын есептеу­ге ұмтылды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi