Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халык-
аралық аренаға шықты. 1992 жылы
2 наурызда БҰҰ-ға кірді. Сонымен
қатар Халықаралық валюта қоры.
нын, Халықаралық қайта құру жеке
даму банкінің. Дүниежүзілік банк
тів, Халықаралық даму ассоциа-
циясының. Инвестицияға кепіл.
дік беретін к ты агенттіктің,
Инвестициялық таластарды шешу
жөніндегі халықаралық орталық-
тың, Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының мүшесі болды.
Әрине, ең алдымен, бұрынғы жүйе-
нің құлауының зардаптарын, елеу.
меттік-экономикалық күйреуі мен дағдарысты бастан кешірді.
Соған қарамастан, Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп,
өркениетке өз үлесін қоса бастады.
Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық қоғам қурудың
тиімді жолын қалыптастырды. Біздің республика этносаралық
жанжалдарды қазір де, болашақта да болдырмауға болатынын
бүкіл әлемге сенімді түрде дәлелдеді. Ұлтаралық түсіністіктің
қазақстандық моделі қалыптасып, нәтижелі жұмыс жасап келеді.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге айналымға
шықты. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамды тегіне,
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни
көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындығы анық
айтылған. Елімізде Президент қызметінің енгізілуі қоғамдық-саяси
өмірде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. 1996
жылдың 30 қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс
жасап келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді.
Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасын жақсарды. Қазақстан Рес-
публикасының азаматтары экономикалық еркіндіктің арқасында
меншік иелеріне айналды.
Бүгінге дейінгі барлық жетістікке тәуелсіздіктің арқасында қол
жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл-ауқатын
көтеріп, төл мэдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде
қыруар жұмыс жасалды. Тәуелсіздік біздің ең басты игілігіміз,
баға жетпес құндылығымыз.
Әр бөлікке ат қойыңдар