Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпақдала, Балқаш маңы да-
лалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай,
Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері мен таулы өлкелері жатады.
Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен
Отырықшы-егінші мәдениеттер шегараларында маргиналдық аймақтар
қалыптасқан. Оларға
жартылай көшпелі шаруашылық-мәдени тұрпат.
Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің,
Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау
бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз
Алатауындағы тау бөктерінде жылына 500 мм-ден астам ылғал түседі. Бұл
өңірлерде, әсіресе өзен-көл суларының маңайында ежелден егіншілік пай-
да болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, ауа райы
қолайлы болған Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-
ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда қала мәдениеті дамыды. Дегенмен
Осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де
Мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, бұл өңірлердің шаруашылық-
мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда
ауа райының өзгеруіне, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты
бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық
қалыптасса (мөлшермен VI-XIII ғасырлар), енді бір замандарда жартылай
көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық-мәдени тұрпат
қалыптасты. осы мәтін арқылы бес жол өлең құрап беріңіздерші өтініш​

felikstatenko2 felikstatenko2    3   17.11.2020 12:22    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi