Қазақстан республикасының президенті Н.Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері қатарында демографиялық теңгерімсіздікті атайды. «Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд - азаматтың қартаюы. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елде еңбек нарығындағы мәселелерге, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне әкеледі. Біз Қазақстанда жекелеген өңірлеріндегі заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарының тұрақсыздыққа әкелген көші-қон қысымымен бетпе-бет келіп отырмыз. Таяу болашақта кері процеспен – елдің шегінен тыс жерлерден бізге келетін еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз әбден мүмкін. Біз жас ұлтпыз. Елімізге орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде дұрыс орнығуымызға зор үмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар. Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар. Бұл – біздің үлкен жетістігіміз. Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда жұмыссыздар жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде айналыса алады, ал корпорациялар мен компаниялар олардың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай алады. Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек». 3. Ақпараттарды өмірлік мәселелермен байланыстыра отырып, сү-
рақтарға жауап беріңдер.
1. Елбасының алаңдауының басты себебі неде?
2. Сендердің ойларыңша, ұлттың қартаюы елдің дамуына
кедергі келтіре ме? Әлде оның салдары басқа болуы мүм-
кін бе?
3. Қазақстандағы орташа жас 50 жас болғанда, қалыптасқан
жағдай қалай өзгеруі мүмкін? Ойларыңды дәлелдендер​

alexnatur alexnatur    3   20.01.2021 14:34    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi