Қазақстан Республикасындағы барлық ұлттар бір-бірімен ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. ҚР Президенті Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның мақсаты: Қазақстандағы барлық ұлттың тату өмір сүруіне жағдай жасау. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. Қазақстандағы 130-дан астам ұлт өкілдері Қазақстанға әртүрлі жолмен келді. Олар қазақ халқына әрқашан рақмет айтады, себебі қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алды.
1 наурыз – өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтатын күні. Бұл күнді ҚР Президенті арнайы белгіледі.
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды кестеге жазыңдар:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
2. Қазақстандағы барлық ұлттың тату өмір сүруіне жағдай жасау
3. Ассамблеяның мүшесі бар
4. Қазақстандағы ұлт өкілдері
5. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтатын күні –
6. Бұл күнді арнайы белгілеген –