Қазақстан Ұлы дала елі . Ұлы далада біздің ата - бабаларымыз өмір сүрген . Біз – көк аспан мен шексіз жасыл даланы мекендеген Ұлы даланың балаларымыз . Ұлы даланың табиғаты қоңыржай . Мұнда қазба байлықтар да , бидай да бар . Елімізде төрт климаттық аймақ бар : дала , орманды - дала , шөлейт және шөл аймақтар . Қазақстан – далалы ел . Дала бүкіл жер көлемінің 26 % -ын алады . Жазы ыстық , қысы өте суық . Мұнда негізінен суарылмайтын бидай өсіріледі . Қара топырақты орманды - далалы аймақ жер көлемінің 0,4 % -ын алады . Егіншілік жақсы дамыған . Мұнда суарылмайтын жаздық бидай өсіріледі . Шөлейт жер көлемінің 10 % -ын алады . Шөлейттің климаты құрғақ , тым континентті . Жауын өте аз , көктемнің аяғы мен жаздың басында жауады . Жазы ыстық , қысы суық , ашық аязды күндер көп болады . Жазда өзендердің көбінің суы құрғайды . Шөл дала жер көлемінің 44 % -ын алып жатыр . Шөлдің ең үлкені Қызылқұм . Жердің бедері мен құмның түсі қызғылт сарғыш . Климаты құрғақ . Онда жазда аптап ыстық , ауызсу жоқ . Ылғал мөлшері өте аз . Сондықтан өзен бойына суармалы күріш , тез пісетін арпа егіледі . Мәтіннен құрамында антонимі бар сөйлемдерді теріп жаз. Оларға сұрақ қой. Қандай сөз табына жататынын анықта ответте