Қазақстан- еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі

BWorld BWorld    1   18.09.2019 21:30    12

Ответы
rbhz rbhz  08.10.2020 00:51
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2030 жылға қарай Еуразиялық кеңістіктің мәдени орталығына айналуы тиіс. Бүгін Парламент Сенатында Қазақстан Республикасындағы жаңа Мәдениет саясатының тұжырымдама жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жаңа тұжырымдама бойынша Қазақстанда қазірден бастап Еуразиялық кеңістіктің жаңа мәдени ошағы ретіндегі ауқымды шаралар қамтылуы шарт.
«Мәселен, біз бұл бағытта мәдени даму жөніндегі Еуразиялық кеңес құрылса деп отырмыз. Өздеріңізге белгілі, Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени даму кеңесі бар, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының да арнайы органы бар. Сондықтан да, Еуразияның орталығына, әлемдік геосаясат орталығына айналған Қазақстан үшін мәдени салада да жаңа институт қалыптасса игі», - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi