Қазақстан-достықтың киелі бесігі» эссе 200 сөзден тұру керек, эссе көмек керек

ЛОЛКЕК12346 ЛОЛКЕК12346    3   09.02.2021 11:27    2

Ответы
joje1 joje1  09.02.2021 11:30

1 — мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде көптеген ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға ат салысайық! Бүгінде әрбір ұлтқа салт — дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi