Қазақ күресінен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сыны өтетін күн де жақын қалды. Қыркүйектің 22-і жұлдызында еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан жиналған «барыс» атану үшін барын салмақ. Бүгінге дейін еліміздің бар аймағында іріктеу сыны жүргізіліп, әр облыстың ең мықты деген екі балуаны республикалық турнирге жолдама алды. 2012 жылғы іріктеу турнирінде жалпы жиынтығы 749 мың балуан бақ сынап, соның 32-і «Сарыарқа» кешенінде өтетін «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сынына қатысу мүмкіндігін иеленді. 2011 жылы тұңғыш рет өткен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу кезеңіне жалпы есебі 744 мың балуан қатысқан болатын.