Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі - өнеге көрсету , жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған . Баланы ерте жастан - ақ жауапты іс әрекетке тартып отырған . Мысалы , бес жасында атқа мінгізіп , бәйгеге қосу , қозы баққызу , үлкендердің арасындағы дауды шешу , келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген . Сондай - ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан , ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор . Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне « сен » деп сөйлемеуі , алдын кесіп өтпеуі , үлкен тұрып кішінің , әке тұрып ұлдың , шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз . Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі , қыз тәрбиесі деп жеке - жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маныздысының бірі