Қазақ музыкасы - өмір айнасы музыка тарихында қоғамдық, мәдени, тәрбиелік және ұйымдастырушылық рөл атқарады. қазақ халқының ән-күй өнері ғасырлар бойы қалыптасты. әбу насыр әл-фарабидің «музыканың ұлы кітабы» трактаты, қорқыт ата, қазтуған жырау, асан қайғы, құрманғазы күйлері - қазақ музыкасының тарихындағы үлкен құбылыстар. халық ән-күй арқылы аңыздар мен тарихи оқиғаларды бейнеледі. ауыл ақсақалдары елге өлеңмен бата берді, үйлену тойы, жастар сауық кеші басқа да той-томалақтар ән- жырсыз болмады. қазақ халқының елуден астам музыкалық аспаптары болды. олар: шертер, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ, домбыра, қылқобыз, сыбызғы, сырнай аспаптары т.б. қазақ музыка мәдениетінің өсіп академик а.жұбанов, композиторлар м.төлебаев, ғ.жұбанова, л.хамиди, н.тілендиев, ш.қалдаяқов және әншілер к.байсеитова, р.бағланова, е.серкебаев т.б. үлес қосты. қазақстан егемендігін алғаннан бері қазақ музыкасы ұлттық нақышты бойына сіңіре отырып, әлемдік деңгейге сай келеді.