Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық бөлімі ашылып, ол 1946 жылы Қазақ КСР-інің Ғылым академиясы болып қайта құрылды. 1990 жылға қарай академия жанында 50- ден астам ғылыми-зерттеу институты болып, оларда ғылымның барлық бағыттары бойынша 10 мыңнан аса ғылыми қызметкер жұмыс істеді. Академияның тұңғыш президенті көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, танымал ғалым, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болды. Қазақстан ғылымының ондаған жылдар ішіндегі даму жолында республика ғалымдары әлемдік маңызы бар жаңалықтар ашты. Қ.И. Сәтбаев, М.О. Әуезов, Д.А. Қонаев, Ә. Х. Марғұлан, Ш.Е. Есенов, М.А. Айтхожин, Ө.М. Сұлтанғазин, Ө.А. Жолдасбеков, М.Қ. Қозыбаев, М. Жұрынов, А.Қ. Қошанов және басқалары Қазақстан Ғылым академиясының мақтанышына айналды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында 43 ғылыми мекеме, олардың ішінде 38 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Ғарыш, ядролық физика, жоғары энергия физикасы, информатика, радиоэлектроника, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар, тарих пен этнология, әдебиет теориясы салаларында күрделі зерттеулер жүргізілді. Құрамына ғылыми-зерттеу мекемелері, тәжірибе стансалары мен шаруашылықтар енген Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы табысты еңбек етті. (Балаларға арналған «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» энциклопедиясынан) 1.Мәтін бойынша мәселені анықтауға көмектесетін3 сұрақтар дайында. 1. 2. 3. Және негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, мәтін негізінде жинақы мәтін жаз.

alexkis228vk alexkis228vk    2   04.05.2020 09:32    9

Ответы
Елисавета23 Елисавета23  24.08.2020 12:16

ответ:жинақы мәтін:Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық бөлімі ашылып, ол 1946 жылы Қазақ КСР-інің Ғылым академиясы болып қайта құрылды.Академияның тұңғыш президенті көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, танымал ғалым, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болды.Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында 43 ғылыми мекеме, олардың ішінде 38 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді.Құрамына ғылыми-зерттеу мекемелері, тәжірибе стансалары мен шаруашылықтар енген Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы табысты еңбек етті.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы