Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі- тоғызқұмалақ. Көненің көзіндей болған бұл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар дейді зерттеушілер. Тоғызқұмалақ қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойыны болғанымен, оны қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың тоғыз құмалақ ойыны тіпті кемелденген және дамыған.

Тоғызқұмалақ ойыны қазақ даласында кең таралған. Қазақстанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға жетелейді. ХІХ ғасырдан бері қарай айтар болсақ, бұл ойынды қазақтың кемеңгері, ұлы ақыны Абай Құнанбаев сүйіп ойнаған. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайында Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр. Кезінде бұл ойынға Ш.Уәлиханов, М.Әуезов және Б.Момышұлы сынды Алаштың ардақты азаматтары қызығушылық танытып, қолдау білдірген.

Ұлттық ойынымыздың атауы «тоғызқұмалақ» - біріккен сөз. Құмалақ неге жеті, сегіз, он бір, он үш емес? Рас, тоғыз саны ежелгі түркілерде көптік мағынаға ие әрі қасиетті сан. Тоғыз - шексіздікті бейнелейтін сан.

1. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз (1)

А) Ұлы ақын Абай Құнанбаев ойынды ұнатпағаны туралы

В) Тоғызқұмалақ - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.

С) Оқушыларды тоғызқұмалақ ойнына үйрету туралы

Д) Ойынды ойлап тапқан жазушылар туралы

2. Мәтін мазмұны бойынша «шын», «жалған» ақпаратты белгілеңіз (3)

Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

А Көненің көзіндей болған бұл ойынның 7 мың жылдық тарихы бар дейді зерттеушілер.

В Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайында Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр.

С Тоғыз - шексіздікті бейнелемейтін сан.

3. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз (0,5)

(жетелейді, әкеледі, тартады)

Қазақстанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға

4. Сұраққа толық жауап беріңіз (0,5)

Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы қайда сақтаулы тұр?



Оқылым

Данияр Елеусінов - Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген қазақстандық әуесқой боксшы. Ол - 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.

Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс. Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл, тәжірибе де аса қажет.

Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді. Қазір Данияр үйленген. Отбасы, балалары бар. Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды. Бүгінгі таңда боксшы отбасымен Елордамыз Астанада тұрып жатыр. Ал туған ағасы шетелде тұрады.

1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты белгілеңіз (1)

А

Бас кейіпкердің туған ағасы бар.

В 2010 жылы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанады.

С Отбасылы. Қазіргі кезде еліміздің бас қаласында тұрып жатыр

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз (2)

қиындықпен (антоним) -

бапкер (синоним) -

4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3) (1)

Мәтіндегі ақпараттар Реті

Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды

Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек

Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді

]

5. Сұраққа толық жауап беріңіз (1)

Боксшы болу үшін қандай қасиеттер қажет?

Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. (10)

1. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.

Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі «Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. Сіз бауырыңызға көмек көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат айтасыз? Ақпаратты жазыңыз.

2. Жер байлығына аяулы көзқарас.

Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп

ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз

VolhaRednaya8 VolhaRednaya8    3   15.03.2021 08:59    1

Ответы
ghrtoung ghrtoung  14.04.2021 09:01

1.Задание

В

2.Задание

А-жалған

В-шын

С-жалған

3.Задание

1)Қазастанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға жетелейді.

2)Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайнда Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр.

4.Задание

А-шын

В-жалған

С-шын

5.Задание

қиындықпен-

бапкер-

6.Задание

А-3

В-2

С-1

7.Задание

Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс. Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл, тәжірибе де аса қажет.

8.Задание

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Объяснение: Вот но я получила за эти ответы 18\ а это оценка 5, мне учитель сказал.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi