Қазақ халқының дәстүрлі өнеріне ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын Халып әндері Мен күйлерін жатқызуға болады. Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері :Арқа әншілік дәстүрі, Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі, Жетісу әншілік дәстүрі, Сыр өңірі әншілік дәстүрі болып бөлінеді. Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ежелден ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайды. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Қазақтың фольклортанушылары мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс-салтқа байланысты ғұрыптық әндер, халық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр. Қазақтың ақын, жырау, өлеңші және әншілері өлендер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтады. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайырылатын баяу әндері болады, лирикалық әндер көтеріңкі айтылады, неше түрлі сарынға соғып, құйқылжиды. Халык музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі тұрмыс тақырып-тарына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары "күй" деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана ойналады. және

Ole4ka2135 Ole4ka2135    2   11.02.2022 07:48    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi