Қазақ халқының ауа райын болжауы.
Эссе жазу.

Очень нужно

qwertynikas qwertynikas    2   20.09.2021 11:37    0

Ответы
хома79 хома79  20.09.2021 11:40

Көшпелі халықтар ауа райын табиғат құбылыстарына, жан-жануарлар мен құстардың тыныс-тіршілігіне қарап болжаған. Мұндай болжамдарды көне көз қарияларымыз әлі де айтып келеді. Бүгін назарларыңызға ауа райын табиғат құбылыстарына қарай қалай болжағаны туралы айтытын болсақ:

Күн құлақтанып батса, ауа райы оңалуға тиіс.

Күн құлақтанып шықса, ауа райы суытып, жауын-шашын болуға тиіс.Күн қораланса, қар қалың түседі.

Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады.

Күн батарда көк жиек ашық болып, қызыл шапақ шашса, ауа-райы жылынады.

Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтеріледі.

Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңінде ыстық болады.

Ай қораланса, қыс қатты болады.

Ай шалқалап туса, ауарайы мал-жанға жайсыз болады.

Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-біріне алшақ болса, ауа райы мал-жанға жайсыз болады.

Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-біріне жақын болса, ауа райы мал-жанға жайлы болады.

Үркер суға түссе, ауа-райы жауынды болады.

Объяснение:

бәрін жазбасаңда болады, үш төрт болжамды жазсаң жетеді( өзіңе байлынысты )

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi