«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨЛІМ

1. Драма жанрына сай ерекшеліктерді көрсетіңіз.
А) Көрініс, шымылдық, ремарка, эпилог В) Әңгіме, кейіпкер, драма, бөлім
С) Тарау, поэзия, жыр, шымылдық
D) Автор, роман, кейіпкер, пьеса [1]
2. Голощекин (әуелі тұтығып). А-а-ау, л-л-либерализмнің ш-шегі болмаушы ма е-е-еді! Бұл не, Иванов?! Ау, бұл бізді қайдағы бір қаныпезер деспоттар мен тирандарға теңеді ғой! Соны да түсінбедіңдер ме?!

Үзіндіде Голощекин қандай оқиғаға байланысты ашуға булықты?
А) Мүсіреповтың Крайкомның іссапарымен, ұжымдастыру науқанын бақылау мақсатымен өңірлерді аралау кезі туралы жайып салғанда
В) Бір үзім нан сұрап, оның кеңсесінің алдында сұлап жатқандардың үстінен аттап-бұттап өткенін айтқанда
С) Ғабиттің «Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал сендер халық қайта тіріліп кеткендіктен атыласыңдар!» деген жан айқайын естігенде
D) Римнің баяғы императорлары Нерон мен Калигуланың «диалектикасы» жөнінде сөз қозғалғанда [1]
3. «Бесеудің хаты» драмасында «мүнә-фикүн» сөзі қандай мағынада жұмсалады? А) Азғындық
В) Сатқын
С) Екіжүзді
D) Озбырлық [1]
4. Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасының кіріспесінде қай жануар туралы айтылады? А) Арыстан
В) Киік
С) Қасқыр
D) Арқар [1]
5. Автор шығармасында «жалғыздықты» неге балайды?
А) Қорқақтық пен қорқаулыққа
В) Даралық мен даналыққа
С) Сабырлылық пен төзімділікке
D) Ыза мен жеккөрушілікке [1]
2-БӨЛІМ

6. «Бесеудің хаты» драмасындағы Голощекиннің бейнесін берудегі композициялық ерекшелігіне талдау жасаңыз. [5]
7. Мүсірепов: Әне, қап-қара бұлт та ыдырап күн көрінді. Сен ұлы Анасың, Балым! Сен жанын сақтап қалған осы ұлдан әлі бір тайпа ұрпақ дүниеге келіп, өлгендердің орнын толтырмақ. Орнында бар оңалар, жеңеше!

Берілген үзіндінің астарлы мағынасын ашыңыз. Көркемдік сипатына талдау жасаңыз. [5]
8. «Жалғыздықты» сипаттаудағы ақынның стильдік ерекшелігіне баға беріңіз. Шығармадағы автор бейнесінің көрінісін талдаңыз. [5]

ДимаПохитун ДимаПохитун    1   18.05.2021 18:44    8

Ответы
Катерина122333 Катерина122333  18.06.2021 01:08

ответ:1 – бөлім

1.А 2.D 3.C 4.D 5.B

2-бөлім

6)Драматург жазушылық шеберлігін танытқанын, әсерлі диалогтар арқылы біле аламыз. Голощекиннің образы - сұрқия саясат жүргізушісі, халықтың қырғынға ұшырауының бірден бір себепкері, Крайкомның I хатшысы. Халықты жоғары лауазымды болып, аяусыз қинады. Ел жадында аса сүйкімсіз "Құжақ" деген лақап атымен жатталып қалды.

7)Бұл үзіндіде әйел адамының ұлдың анасы атанғанын түсінеміз. Адамнан адам шығу оңай емес, бала босанып жатып өлім мен өмір арасында арпалысып жатады. Соны жұбату мақсатында қап-қара бұлт та ыдырап, күн көрінді деп айтты. Осы дүниеге келген ұлы ертен тайпасын жалғастырушы, анасы қайтып кетсе, соның орнын баласының ұрпағы басатынын жеткізді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi