«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
Кіші Орданың ханы Нұралыны Донсковқа хат жазуға итермелеген не?
А) Орынбор жиынына қатыса алмау себебін түсіндіруі Б) Айшуақ сұлтанға қайтара алмай отырған мал-жан есебі С) Хан қолында дербес биліктің болмай, ел ағаларына қарайлап отыруы Д) Сырым Датұлы бастаған қазақтардың орыс қамалына шабуылдауы
[1]
Шығарма желісіне арқау болған негізгі мәселе?
А) Ресей империясының отаршылдық саясатын ашықтан ашықтан-ашық көрсетуі, ел тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына алған билер мен батырлар, ел ағаларының азаттық үшін күресі
Б) Нұралы ханның ел арасындағы өзекті мәселені шеше алмай, халықтың дағдарысқа түсуі С) Ресей империясының генерал-фельдмаршалы Григорий Александрович Потемкиннің қолбасшылық дарыны мен батырлық түр-тұлғасын көрсету
Д) хан мен қара халықтың арасындағы наразылық, биліктің алауыздығы мен жағымпаздық.
«Өмір болған соң, күрессіз бола ма...» деген ойды әрі қарай өрбітіп жазыңыз (1-2 сөйлем).
[1]
Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынан берілген үзіндіні қара сөзбен көркемдеп жеткізіңіз (2-3 сөйлем).
Туыңдай қанат керген желді күнгі,
Танытты кең әлемге теңдігіңді.
Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,
Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді!
[1]
Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынан берілген үзіндіні қара сөзбен көркемдеп жеткізіңіз (2-3 сөйлем).
Туыңдай қанат керген желді күнгі,
Танытты кең әлемге теңдігіңді.
Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,
Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді!
2-БӨЛІМ
Шығармадағы аштықтың азабын композицияның қай тұсында анығырақ байқай алдыңыз? Ойыңызды 5-6 сөйлем талдап жазыңыз.
[3]
«Ия, Сырым шырағым!
Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың.
Жоқтан бар болдың!». Автор стилін сақтай отырып, өлең жолдарын жалғастырыңыз (2-3 шумақ).
[3]
Өтінде арпалысқан өмір-майдан,
Жайқалсын болашағың тамыр жайған.
Бәйтерек - Елбасының өр тұлғасы,
Әкеліп өз қолымен Тәңір қойған!
Берілген жолдардағы ақын тілінің ерекшелігін талдап, стиліне баға беріңіз.
[3]
«Бәйтерек» поэмасындағы автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасаңыз. Өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.
[3]
«Намысты айырбастап күнкөріске,
Сұғасың бір кебісті бір кебіске», - деген жолдарды дамытып 2 жол жазыңыз.
[3]
3-БӨЛІМ
Тақырыптың бірін таңдап, сыни мақала жазыңыз.
«Тар кезең» романының әдебиеттегі орны (қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдаңыз).
«Бәйтерек» поэмасындағы қазақ халқының өткені мен бүгіні (қазақ әдебиетіндегі мазмұндас шығармалармен салыстыра талдаңыз).