Қазақ әдебиеті » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1. Қазақ әдебиеті – [1]

А. Рухани, мәдени мұра

В. Материалдық мұра

С. Шежіре

Д. Ежелгі дәуір әдебиеті

2.Кендебайдың әкесінің аты кім? [1]

А. Байбөрі В. Ерназар С. Қазанғап Д. Қарабай

3.«Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көрерсің, ортасында бір арал бар», бұл қай кейіпкердің сөзі? [1]

А. Ханның баласы В. Тазша бала С. Шалқұйрық Д. Керқұла ат

4. Асан ата Торғай өзенін көргенде: [1]

А. «Тау – тасы кеш болғанда ыңыранып жатады екен қойдың жері екен», - дейді. В. « ... алты ай арықтатып, мінген ат бір айда майға бітетін жер екен», - дейді. С. «Мына шіркіннің топырағы асыл екен, бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын жылқының жері екен», - дейді.

Д. Ақ шабағы май татыған, ағар суы бал татыған жер екен», - дейді

5. Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты неде деп ойлайсыңдар? [2]

6. Алтын құйрықты құлындарды әкелген соң хан Кендебайдың тілегін естіп, оған қандай шарт қояды? Ойыңызды 2-4 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз. [2]

7. Қатуланып, қаттанып,

Буырқанып, бұрсанып,

Мұздай темір құрсанып,

Қабағынан қар жауып,

Кірпігіне мұз тоңып.

Берілген портрет қай кейіпкердікі? Кейіпкер неге ашуланды? Өз тұжырымыңызды 2-4 сөйлеммен түйіндеңіз. [2]

8. Асан қайғы атамыз сияқты сендердің ойларыңша, қазіргі Қазақстанның жерұйығы қай жер? Неге? Сараптама жасаңыз. Өз көзқарасыңызды дәлелдеп, «Қандай көркем туған өлкем!» тақырыбында жазба жұмысын жазыңыз. (Сөз саны – 120) [5]

yarovikova1981 yarovikova1981    3   29.10.2020 08:25    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi