Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап, ат жалын тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан. Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз «келіннің – аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайынтуыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.
1. Үш дұрыс жауапты белгілеңіз. Ер баланы бес жасынан бастап ... баулыған. (3ұпай)
A) отын шабуға
В) аң аулауға
С) ат жалын тартуға
D) мал бағуға
E) кеш жатуға
F) киіз басуға

gc121 gc121    1   12.03.2021 12:34    1

Ответы
nik1716 nik1716  11.04.2021 12:35

Мал бағуға

Аң аулауға

Ат жаын тартуға

Бұл 100%дұрыс

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Natalivizer Natalivizer  11.04.2021 12:35

1)мал бағуға

2)аң аулауға

3)ат жалын тартуға

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi