«Қазақ ғарышкерлері» тақырыбы бойынша диаграмманы толтыр


«Қазақ ғарышкерлері» тақырыбы бойынша диаграмманы толтыр

Gbdngggvg Gbdngggvg    2   11.05.2021 09:16    0

Ответы
Miranny Miranny  10.06.2021 09:16

1)Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш. Ол 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген

2)Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минутты, Талғат Мұсабаев 341 күн 9 сағ 48 мин, ал Айдын Айымбетов 9 күн 20 сағ 13 мин 51 с болған.

3)Тоқтар Әубәкіров – әлемнің 256-ғарышкері болса, Талғат Мұсабаев 309-ғарышкері. Айдын Аымбетов әлемнің 545-ғарышкері.

4)Талғат Мұсабаев – 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарғалы кентінде дүниеге келген. Ол Қазақстанның екінші ғарышкері.

5)Айдын Айымбетов қазақтандык ғарышкер– 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы дүниеге келген.

6)Айдын Айымбетов ғарышта 10 күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

7)Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтың туған күндері бір күнде, бір айда, яғни 27 шілдеде. Екі ғарышкеріміз де Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінің түлектері.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi