Мемлекет қазақстандық балалардың қазақ тілінде тәрбие мен білім алуын қамтамасыз ететін батыл қадамдар мен кешенді бағдарламаларды жедел қолға алмаса көш түзелмейтіні айдан анық болып тұр.
Көшеде, қоғамдық көлікте, түрлі іс-шараларда, яғни күнделікті өмірде жастармен кездеспей тұрмаймыз. Сонда олардың бір-біріне қарым-қатынасы, сөйлеген сөзі аға ұрпақ өкілдерін қатты қынжылтады. Әрине, мен бәрін жамандаудан, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен, жаман әдеттің жұққыш келетінін, «бір құмалақтың бір қарын майды шірітетінін» ұмытпайық.
Ағылшын тілінде «сленг», «жаргон» деген сөздер бар, оның мағынасы фразеологизмге ұқсас, яғни фонетикалық, грамматикалық жүйеге бағынбайды. Осындай сөз тіркестеріне жастар тым құмар болып барады. Оны сәнге айналдырып алған, мақтаныш көреді: «сындырды», «базар жоқ», «лапша ілді», «құлақтан тепті», «қуады екенсің», «лақтырып кетті», «қораға кірді» деген сөздерді жиі естиміз. Шешімін таба алмаса, «тормозы ұстап қалды», «зависать етіп қалды», көпшілікпен келуді «толпа», менменсуді «типаж болу», ақша талап етуді «счетчик қою», қоңырау шалуды «маяк тастау» деп жатады.
Жастар арасындағы сауатсыздықтың белең алуына әлеуметтік желілердің мобильдік нұсқасының көп әсері бар. Агентті пайдалану арқылы жастардың қазақ тіліндегі сауаттылығының төмендеуі былай тұрсын, тілге де қатты әсер етеді. «Kaydasin», «kawan» деген сияқты сөздерге «қ» әрпі жоқ болғандықтан «кайдасын?», «кашан?» болып кете береді. «Жагдайын калай?», «нестеватырсын?». Бүгін қалай жазса, ертең солай айтады.
Тағы бір айта кететін жайт, жастардың сұраққа сөзбен жауап бермеуі. Жоқ болса «ыкк» дейді немесе таңдайды тақ еткізумен бітеді. Оның бір себебі кітап оқымайтындығы, ал теледидардың, компьютер ойындарының жоғарыда айтқанымдай, зиянды жағы көп.