Қазіргі замандағы әлем кереметтері туралы тақырыпқа мәлімет іздестіріп, сұрақтар дайында. Сұрақтарды сыныптастарыңмен талқылап, дұрыс жауабын табыңдар​

DimaRostovonDon DimaRostovonDon    2   28.10.2020 06:08    16

Ответы
Артёмка12097 Артёмка12097  28.10.2020 06:10

Объяснение:

мне сұрактар.жазып алындар лайк басындар лучши ответ кылындар.


Қазіргі замандағы әлем кереметтері туралы тақырыпқа мәлімет іздестіріп, сұрақтар дайында. Сұрақтарды
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
ahlammimi96 ahlammimi96  28.10.2020 06:10

Әлемнің көне жеті кереметінен Мысыр пирамидасы ғана сақталған. 2007 жылы қолдан жасалған ескерткіш болып табылатын әлемнің жаңа жеті кереметі анықталды.

1. Ұлы Қытай қорғаны

Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Бұл Жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б.з.д. ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорған құрылысын жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға ұшырап, қираған. Саяхатшылар арасында ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75 километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол және автобус арқылы қатынауға болады.

2. Колизей

Б.з.д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам көрерменге жоспарланған Колизейде бірнеше ғасыр бойы гладиаторлық айқастары мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар қойылған. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Колизей жақсы сақталмағандықтан, түсірілімге жарамайды.

Рим қаласында болған саяхатшылардың барлығы Колизейге соқпай кетпейді. Колизей тек Рим қаласының нышаны ғана емес, күллі Италия елінің көрікті жеріне айналды. Колизей – Еуропада орналасқан жалғыз әлемнің жаңа кереметі.

3. Мачу-Пикчу

Көне әлемдегі жеті керемет Еуропа мен Азия құрлықтарында орналасса, жаңа кереметтердің географиясы кеңейіп, тізімге Америка да қосылды. Оңтүстік Америкадағы асқар тау баурайында Мачу-Пикчу қаласы орналасқан. Теңіз дейгейінен 2,5 километр биіктікте орналасқан бұл қала 400 жылға жуық өмір сүрді. Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кеткен. Ал испан конкистадорлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады.

Америка ғалымдары ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған бұл қаланы 1911 жылы тапқан. Мачу-Пикчуға жету оңай емес. Агуас-Кальентес қалашығына дейін пойызбен, одан әрі автобуспен қатынайды.

4. Петра

Петра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иордания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр тарихи оқиға қала сәулет өнеріне өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал "Индиана Джонс и последний крестовый поход" киносы түсірілген.

5. Тадж-Махал

Әлемнің дәстүрлі жеті кереметінің қатарында Галикарнастағы кесене бар. Жаңа кереметтердің қатарында да кесене бар. Ол – Үндістанның Агра қаласында орналасқан Тадж-Махал. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14-ші баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшы қабылдайды. Үндістан астанасы Дели қаласынан автобус немесе пойыз арқылы Агра қаласына барып, Тадж-Махалды көруге болады.

6. Христос мүсіні

Рио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен сабынды тастан қашалған. Қолдарын екі жаққа қарай жайған Христос биіктігі 38 метрге дейін жетеді. Мүсін құрылысы 1922 жылы басталып, 9 жылға созылды. Жыл сайын бұл мүсінді көру үшін Бразилия еліне 300 000 адам келеді. Коркаваду тауында орналасқан Христос мүсініне кішкентай поезд арқылы немесе эскалатор арқылы көтерілуге болады.

7. Чичен-Ица

Мексикада орналасқан Юкатан түбегінде Чичен-Ица аталатын көне қала бар. Майя өркениетінің дамуы барысында бұл жер мәдени және саяси маңызды рөл атқарды. Бірақ, белгісіз себептермен Чичен-Ица қаласы иесіз қалды. Испан конкистадорлары құпия жерге қатысты барлық манускрипттерді жойып жіберген. Биіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады. Пирамида ішінде ягуар бар. Мысыр елінің пирамидаларымен салыстырғанда Кукулькана айтарлықтай кішкентай.

#ӘЛЕМ

#ЖЕТІ КЕРЕМЕТ

#ЖЕТІ

Объяснение:

брат подписай мне и лайк оценка

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi