«Қазіргі таңда Ер Төстіктей батырлар бар ма?» тақырыбында эссе жазу

varvaralikhtsr varvaralikhtsr    3   26.01.2022 04:28    1

Ответы
puh9999 puh9999  26.01.2022 06:00

Қоғамдық дамудың ерекшелігіне қарай тарихтың әр кезеңінде батырдың тұлғасы түрлі игі қасиеттермен сипатталып келген. Алғыр ерлер елдің ішкі-сыртқы жауларына қарсы тұрып, Отанының тыныштығын, тұтастығын, мүддесін сақтауға ерлігімен сүйеу болды. «Ері барда, елі қор болмас» деп, ежелден батырлық пен батылдықты дәріптеген бабаларымыз мақал-мәтелдерінде, эпостық жырлар мен аңыз-әпсаналарында бұл қасиеттердің маңызын дәріптеп өткен. Өжет мінез бен батылдықтың, қайсарлық пен табандылықтың арқасында ата-бабаларымыз еліміздің туын жықпай, ұлан-ғайыр өлкені келер ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

Батыр адамның бейнесі көне дәуірлерден бүгінге дейін әділеттілікті орнату, ар-намысты қорғау, халықтың бірлігі мен бостандығына қол жеткізу үшін күрескен ерліктерімен қалыптасқан. Ержүрек батырлар халық рухани қажығанда күш беретін жарқын бейне болған, бола береді. Себебі олардың жасаған ерліктері а ң күш-қуатына, асқақтығы мен адамгершілігіне деген сенімді ұялатып, ұлт санасында өшпес із қалдырады. Ал батырлардың ерлігін қастерлеп, оларды жас буынға насихаттау – қазіргі қоғамның рухани қайта жандануына серпіліс беруде аса маңызды.Қазіргі таңда шынайы батырдың бейнесін тек әдеби-тарихи кітаптар мен шығармалардағы қаһарман тұлғалардан ғана емес, өзіміздің арамызда адал қызмет етіп жүрген жандардың бойынан да көруге болады. Олар – бізбен қатар жүріп, бүкіл саналы ғұмырын қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға арнаған азаматтар. Бұл батырлар елін, жерін, халқын қорғау жолында өзін құрбан етіп, замандастары мен келешек ұрпақтың алдында асқан қайрат пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Олар бейкүнә тұрғындардың өміріне қастандық жасауды көздеген, рақымшылық пен аяушылықты білмейтін жауларымен бетпе-бет жолыққанда өжеттік танытты. Осындай ерліктер отанды қорғауға ант қабылдаған қаруластарын рухтандырып, күш-қайрат қосып, оларды ұлы мақсаттарға жігерлендіруде.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi