Қазіргі кезде ғаламтормен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады. Негізінде ғаламтор тарихы компьютер пайда болған уақыттан басталды. 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ-тың алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының акентігі ARPA осы мақсатқа компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос –Анджелістегі Калифорния университетіне және Стэнфорд зерттеу орталығына тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды.Желіні ғылымның әртүрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.
1971 жылы желі арқылы электронды хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол әлемге кеңінен таралған. Бұл желіні негізінен , электронды хабарлама жіберу үшін пайдаланылды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.

1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін бір суретті таңдап, астына мәтін туралы бір сөйлемді өз ойыңызбен жазыңыз.​

Ilyapopovsky10001 Ilyapopovsky10001    3   16.03.2021 11:57    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi