Қазіргі кездің Атымтайлары

koshtalev koshtalev    1   22.12.2020 22:53    4

Ответы
liza1460 liza1460  21.01.2021 22:56

Қиын-қыстау кезеңде халқына пана болып, бейбіт заманда ақыны мен батырын әспеттеп, төбесіне көтерген қазақтың қалталы азаматтары әр кезеңде болған. Өнерлісін еркелете төбесіне көтеріп, білімдісін жасына қарамай төрге оздыратын бабаларымыз рухани байлықтың бағасы өзге дүниеден басым екенін о бастан-ақ терең түсінген. Бабадан жалғасқан осы дәстүрді ары қарай дамытып, қазақ әдебиеті мен өнерінің төл туындыларын дүниежүзіне танытуға атсалысып жүрген қандасымыз Медғат Құлжановты бүгінгі заманның нағыз Атымтай Жомарты деп атасақ, жаңылмайтын секілдіміз. Осы жылдың 24 желтоқсанында жетпіс жасқа толғалы отырған қазақ даласының қайырымды перзенті жайында кімнен пікір сұрасақ та, туған елінің рухани мұраларына ғашық, шын жанашыр, жүрегі жылы азаматтың кісілік тұлғасын тебірене сөз етеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi