Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-
жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір
айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ
қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды
шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды.
Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала
салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты
күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға
шыгып алып, өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл –
сахналық мәдениетке томпақ нәрсе. –
Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге
құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді.
Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты.
Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға,
өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.

Мәтіннен эмоционалдық сөздер теріп жазу.​

Франц11 Франц11    1   28.04.2020 08:00    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi