Айтылым
2-тапсырма. «Жылдам жауап» ойыны
4-5-тен топқа бөлініңдер. Топ ішінен жетекші сайлаңдар. Жетекші
ортаға тұрсын. Оны қоршап, шеңбер құрыңдар. Жетекші: «Кеше не
істедің?» немесе «Ертең не істейсің?» – деп сұрап, допты біреуіңе лақ-
тырады. Допты алған оқушы жауап беріп, допты жетекшіге қайта
лақтырады. Белгіленген 3 минуттың ішінде көп сұраққа дұрыс жауап
берген топ жеңіске жетеді.
Ескерту: жетекші сайлау үшін топтағы балалар кезектесе отырып, он
беске дейін тез-тез санауы керек. Он бесті атаған оқушы жетекші болады.