АЙТЫЛЫМ 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. «Қиял», «қиялдау» сөздерінің мағынасы қандай?
2. «Қиял» мен «арман» сөздерінің арасында қандай ұқсастық
пен айырмашылық бар деп ойлайсың?
3. Кімді қиялшыл деп санайсың? Неге?
4. Қиял-ғажайып ертегі дегенді естідің бе? Егер естісең, оның
кәдімгі ертегіден қандай айырмашылығы бар?
КЕРЕК ТЕЗЗЗ
1.Қиял- сыртқы заттарды,құбылыстарды жаңадан өңдеп,жаңартып,бейнелеу арқылы көрінетін,жануарларда болмайтын тек адамға ғана тән психикалық процесс.Қиялдау адамның жас ерекшелігіне және өскен ортасына байланысты болады.Адам қиялдағанда ми қабығында неше түрлі камбинациялар жасалып жаңадан бейнелер туып отырады екен.
2.Қиял дегеніміз бір нәрсені көріп оны бейсанада жетілдіру.Қиялдың шегі болмайды.Бос қиялға беріліп уақытыңды жоғалту дұрыс емес.Қияли болып кетіпті,-деп айтпаса керек. Арман дегеніміз белгілі бір мақсатқа бағытталған ой.Арман болашақта жақсы бір мақсатты алға қойып соған жету үшін тынымсыз еңбектену.Арманың орындалсын,-деп бекер бата бермеген аталарымыз.Арман мен қиялдың ұқсастығы бейсанамен ойланатыны,айырмашылығы арманға мақсат қойып қол жеткізуге болатындығы.Ал қиялдың шегі жоқ.
3.Қиялшыл кім?Достарымның арасында қиялға беріліп,болмайтын нәрселерді болдырып,қиял сәйгүлігіне мініп әр нәрсені қиялдап отыратын Самат досым бар.Қиялын айтса жүзіңе күлкі үйіріледі.Негізі армандау,қиялдау адам болмысына тән құбылыс.Шығармашылық адамдарында жиі кездеседі.Қияли досымның қияли ертегі кітабының авторы болмасына кім кепіл?
4.Қиял ғажайып ертегі халықтың арманын қияли ғажайып кейіпкерлер арқылы баяндайды.Қиял ғажайып ертегілер бас кейіпкері-халық арманы.Қиял ғажайып ертегінің ерекшелігі үнемі бір жанрдан кінші жанрға ауысып отырады.Ертегі дегеніміз-фольклорлық көркем проза.Ертегінің мақсаты-ғибрат ұсынып,эстетикалық ләззәт сыйлау,тәрбиелік маңызының болуы.Айырмашылығыда осында.