АЙТЫЛЫМ 11-тапсырма. «Ұлы Жібек жолының» бойында орналасқан Испиджаб,
усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық,
Жаңакент қалалары туралы ақпарат жинап, ой бөлісіңдер.

Данька228228 Данька228228    1   27.01.2021 17:10    6

Ответы
Lanatm12 Lanatm12  26.02.2021 17:12

Сайрам Исфиджаб

, Испиджаб - Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі . Жұрты қазіргі Сайрам кентінің оңтүстік - батысында , Шымкент қаласынан 12 километр жерде Отырар

Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі . Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан . Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен , оның бастапқы тарихы б.з.б. ІІ ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты . IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды

Түркістан

- Қазақстандағы қала , Түркістан облысының әкімшілік орталығы.Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында , Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы , географиялық жағдайдың қолайлылығы , сонымен бірге адамдардың мазарға теyеn етуі , сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті .

Тараз

- Жамбыл облысының орталығы XVIII ғасырда бұл қала Әулие - Ата деп аталған 1936-1937 жылдар аралығында Мирзо деп аталған . 1937-1997 жылдары Жамбыл 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты Tapas атауы қайтарылды . Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді . Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген . 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді .

Сауран

Қала екі облыстың ( Түркістан мен Қызылорданың ) шекарасында орналасқан . Оның көлемі таңғалдырарлық , қалайша бос және шөл даланың ортасында ғажайып қала тұрғызып , биік қабырғалармен , кәріздермен жабдықтаған , шөл жерлерді сумен қамтамасыз еткен деп қайран қаласыз . Сол кездегі Сауран ортаазиялық отырықшы мәдениеттің ең жақсы үлгісін паш етіп , қазіргі ғалымдарға көптеген шешуі табылмаған сұрақтар қалдырды.Сауран Ұлы Жібек жолының маңызды сауда нүктесі болды . Орта Азия хандықтары мен дала тайпалары арасындағы өзіндік шекара пунктіне айналды . Қалада көптеген керуен - сарайлар , саудагерлер үшін демалыс және сауда орындары болды Сығанақ Сығанақ , Сунақ - ортағасырлық қала орны . Қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылынан солтүстік - шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан . Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің қатарында

Сарайшық

Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды сауда және қолөнер орталығы . 1469-1511 және 1521-1599 жылдары Қазақ хандығының астанасы , ал оған дейін қыпшақ мемлекеті мен Ақ Орданың бас қаласы ретінде белгілі . Атырау қаласынан 55 шақырым жерде , Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук ( Сарайшық ) қаласының қираған орны жатыр Қаланың іргесі ХІ ғасырда қаланған , гүлденген дәуірі XIII - XIV ғасырлар аралығы Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан . Мұнда салтанатты саройлар , керуен - сарайлар , моншалар , мешіт - медреселер салынған . Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған . Жанкент қорғаны

- республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш . Қазалы ауданы территориясындағы Өркендеу ауылдық округінің орталығына іргелес жатқан биік төбе сияқты топырақ басқан қорғаның орнында VII - XIV ғасырларда Жанкент , Янгикент қаласы өмір сүрген . Орналасқан жері - Қазалы ауданы , Жанкент ауылынан 15 шақырым жерде . Хронологиялық шеri - ҮІІ - ХІҮ ғасырлар аралығы . Мекендеген халқы - Оғыздар мемлекеті Жаркент Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолының во делы қала болатын . Кейін құрлық арал ететін дүние жүзілік керуен жолдары оскара бастайды . Жанкент арқылы Сырдария кесіп өтетін үлкен жолдың да ғұмыры аяқталады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi