Айтылы
9-тапсырма. Бауыржан Момышұлынын келіні Зейнеп Ахметоваға айт-
қан нақыл сөздерін оқы. Осы нақыл сөздер туралы өз ойларыңды айтып,
ой бөлісіңдер. Етістік райларын түріне қарай ажырат.
• Алатын кезде - алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын,
алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай
адамнан құтылудың өзі - үлкен олжа.
• Өзгеден артық боламын деп арындама, шаманды шақта. Тең
түскенге қанағат ет. «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз
атын сойғызар» деген ата-бабаң. Бірақ тепкіге төзбе, ешқашан аяққа
басылмағын.
• Ғылым-білім деген түпсіз тұңғиық. Жұмыр жердің бетінде оның
түбіне жеткен жан жоқ. Дегенмен шетсіз-шексіз білім жолында әркім
өзінің өресі, шама-шарқы жеткен жерге бір белгі - шыбық шаншып
қалдырса, сол шыбық өсіп, өзінен кейінгіге сая болып, жол нұсқап
жатса, есте қалған деген сол болады.