Айтайын бір санамақ, Ұғынып ал саралап.
Жетісуды жеті өзен
Ағып жатыр аралап:
Арнасы да кеңейген,
Суы дағы көбейген
Алғашқы өзен - Аягөз
Басталады Семейден.
Одан кейін Тентегі,
Тулап аққан ерке еді.
Жете алмаған Балқашқа
Қатты аққанмен, келте еді.
Үшінші өзен - Лепсісі,
Тауды бұзған көп күші.
Ұмтылады алқапқа,
Келіп тездеп жеткісі.
Төртінші - Ақсу өзені,
Кең даланы кезеді.
Шаруаға қолайлы,
Малға толы өзегі.
Бесіншісі – Қаратал,
Суын диқан жаратар.
Ақ күрішті алқаптың
Бойына нәр таратар.
Алтыншы өзен - Ілесі,
Тым байсалды мінезі.
Балқашқа кеп құятын
Үлкен өзен бұл өзі.
Жетінші өзен
Шуы бар,
Асып-тасқан суы бар.
Жапан түзді жайқалтып,
Құмға өсірген нуы бар.
Бөлеп сымбат-сәніне,
Бөлеп ырғақ-əніне,
Алатаудан басталған
Жеті өзеннің бәрі де.
Жер жаннаты, көркемі,
Өсе түскен өркені.
Жетісу деп атаған
Жеті өзенді өлкені.
А.Асылбеков​

Сұрау есімдіктерін пайдаланып , мəтін мазмұны бойынша сұрақ дайындаңдар : қайда , қалай .

iLFid iLFid    3   21.01.2021 16:19    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi