Қайталау. Болымды және болымсыз етістіктер.

Болымды етістік
Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы II жақ тұлғасымен сәйкес келеді.
Мысалы: кел-ді — сен кел, бер-ген-біз — сен бер т. б. Бірақ бұл екеуі бір емес, Етістік шақ, рай т. б. тұлғаларда жұмсалғанда, оның түбіріңде бұйрықтық мағына болмайды. Мысалы: (мен) ойна-сам, (ол) көр-іпті, (сен) айт-қансың т. б. етістіктердін түбірлері ойна, көр, айт. Бірак бұларда бұйрықтық мағына жоқ. Сонымен бірге бұйрықтық мағына, демек, бұйрық рай тұлғасы, тек түбір тұлға ғана емес, етістіктің кейбір басқа тұлғаларында да болып отырады. Мысалы: сен кел-тір-ме, сен ойна-тқыз, сен ойла-н-ыңқыра т. б. етістіктер бұйрық рай болғанымен, түбір тұлғалар емес. Бұның өзі етістіктің түбірі деген мен бұйрық райдың жекеше анайы II жағы деген ұғымдар бір емес екенін көрсетеді.

Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.

Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады: 1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б. 2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.

Dima340 Dima340    2   23.12.2020 12:05    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi