Ай - жердің серігі. Ай – бұл ақшыл-сары түсті шар. Ал кейде көк аспанда бұлтсыз түнде тамашалауға болатын жарты ай. Бұл сондай-ақ біздің ғаламшарымыздың айналасында тынымсыз, орасан жылдамдықпен айналатын үлкен тас шар.
Алайда, көпшілігі айды жерді айналатын серік ретінде ғана білгенімен, ол туралы көп деректерді біле бермейді. Сол себептен Stan.kz оқырмандарға ай туралы 28 қызықты дерек ұсынады.
Ай туралы сіз білмеген қызықты деректер
Айдың қалыптасуы жайлы теориялардың бірінде жер басқа планетамен соқтығысып, нәтижесінде сол планетаның қирандысынан жердің айналасында сақина пайда болып, содан Ай қалыптасқан делінген.
Ай жерді тек бір жағымен ғана айналады. Сол себептен адамдар әрдайым айдың бір жағын ғана көреді.
Жерден Айға дейінгі қашықтық – 384 мың шақырымды құрайды.
Ай қабығының массасы жалпы массаның 4 пайызынан аспайды. Мысалы, салыстыру үшін Жер қыртысының массасы планетаның бүкіл массасының үштен біріне дейін.
Кратер Бэйли – айдағы ең үлкен кратер, оның диаметрі шамамен 295 шақырым. Ол спутниктің артқы жағында орналасқан және Жерден көрінбейді.
Америкалық «Аполлон 6» өзімен бірге жерге 385 келі айдың топырағын әкелді.
Айдың көлемі Жердің көлемінен шамамен 49 есе кіші.
Жердің бетінде Ай мен Күн көзге бірдей көлемде көрінеді.
Атмосфераның жоқтығына байланысты айда таңның атуы, күннің батуы секілді табиғи құбылыстар, ымырт болмайды. Тек түн болады.
Айдың түн батқан сондай-ақ, көлеңке түскен бөлігінде температура деңгейі күн түскен бетіне қарағанда әлдеқайда төмен болады.
Тасқа ойып жасалған айдың бетінің ең ескі картасы Ирландияда табылды. Оған шамамен бес мың жыл болды.
Айға жіберілген алғашқы зымыран Кеңестің «Луна-2» зымыраны.
1969 жылы адамзат алғаш рет айға аяқ басты. Ол америкалық астронавт Нил Армстронг еді.
Айдағы тартылыс күші Жерге қарағанда алты есе аз.
Жерге қарайтын айдың бет жағынан біздің планетамыз ай тәулігінің кез келген уақытында анық көрінеді.
Айда қаза тапқан ғарышкерлерге арналған ескерткіш бар. Ол скафандрдағы адамды бейнелейтін биіктігі 10 сантиметр алюминий фигура.
Сондай-ақ, біздің серігімізде де тербелістер, жер сілкінісі секілді сілкінулер орын алады. Олар біздің планетамыздың және Айдың гравитациялық өзара әрекеттесуінен туындайды деп есептелінеді, бірақ оның нақты себебі әлі белгісіз.
Айдың диаметрі – жер шарының төрттен бір бөлігін құрайды.
Астроном Юджин Шумейкер денсаулығына байланысты ғарышкер бола алмады. Бірақ, ол соған қарамастан айды барлауға үлкен үлес қосты. Ол қайтыс болғаннан кейін НАСА оның өтінішін орындап, 1998 жылы мәйітінің күлін айға жіберді.
Айдың шаңынан жанған оқ дәрінің ұнтағы секілді иіс шығады.
Барлық ай көлеңкелері қап-қара.
Айда магнит өрісі жоқ. Алайда айдан әкелінген кейбір тастар магниттік қасиеттерге ие. Дегенмен, мұның себебін әлі ешкім түсіндіре алмады.
Ай жыл сайын жерден төрт сантиметрге алыстайды.
Жердегі тіршілік өзіне гравитациялық әсерін көрсететін серігінің болғанының арқасында пайда болуы мүмкін деген теория бар.
Ай – үлкен жер серігі. Ол күн жүйесіндегі бесінші ірі серік.
Айда 12 адам болып келген.
Айда гелий-3 заты бар және айтарлықтай көп мөлшерде. Оны өндіру экономикалық тұрғыдан пайдалы, өйткені гелий-3 жердің барлық энергетикалық қажеттіліктерін артығымен қанағаттандыра алады.
Ай кез келген әскери операциялар жүргізуге тыйым салынған халықаралық аумақ деп танылған. Сондай-ақ, ай біреудің жеке меншігі бола алмайды.