Қай сөйлемдерде ыңғайластық жалғаулықтар, қай сөйлемдерде қарсылықты жалғаулықтар бар екенің анықта. Төмендегі кестеге жалғаулықтарды жаз: Определи предложения в которых есть соединительные союзы, а так же предложения в которых есть противительные союзы. Запиши только союзы в таблице ниже:
Күн аяз болды, дегенмен біз биге бардық. Дамир да, Амир да домбыра үйірмесіне барады. Біз кинотеатрға бардық, бірақ билет болған жоқ. Жансая мен Адия республикалық ғылыми жұмыстан бірінші орынға ие болды. Мен кітап оқыдым және диктант жаздым. Біз бұл сайысқа қатысуымыз керек, әйтпесе апайымыз ренжиді. Олар шанамен сырғанады және коньки тепті.
Ыңғайластық жалғаулықтар Қарсылықты жалғаулықтар