Автокөлік тарихы Археологтар «Месопотамияда немесе Азияда б.д.д. 4000-3500 жылдар аралығында дүниеге
дөңгелек келген соң, көлiк мiну де пайда болды» деп есептейді. Ал автокөлік тарихы XV
ғасырдан басталады. Сол кезде атақты Леонардо да Винчи көліктің дизайны мен моделін
жасаған болатын. Германиялық Карл Бенс 1885 жылы өзінің алғашқы автокөлігін жасап
шығарды. Ол «Атсыз арба» деп аталды. Автокөлікті көп мөлшерде шығару ісі 1902 жылы
басталды. Оны кейін Генри Форд кеңейте түсті Форд 1908 жылы алғаш рет көпшілік ке
арналған көлік - «Қаңылтыр Лизза» деген үлкен көлікті алға тартты. 1769 жылы Николя-
Жосеф Куньо француз армиясына арнап тұңғыш өздігінен жүретін автокөлік (әскери трактор)
құрастырып шығарды. Германиялық Готтлиб Вильгельм Даймлер мен Вильям Май-бах 1886
жылы «Канстатт-Даймлер» деген атпен мәлім, төрт тактылы қозғалтқыш орнатылған
алғашқы төрт дөңгелекті көлікті ойлап тапты. Чарльз Эдгар Дурея өзінің бауырымен бірлесіп,
газбен жүретін алғашқы көлікті шығарды. 1960 жылдары әлемде электрлі механизммен
жұмыс істейтін көлік қолданысқа енді. Автокөлік шығарушылар ақырындап қауіпсіз
әрі сенімді көлікке көбірек көңіл бөле бастады.
Тапсырма:
1) мәтіннен сан есімдерді теріп жаз.
2) сын есімдерді тұлғасына қарай яғни негізгі сын есім мен туынды сын есім түріне ажырат.​

gg228 gg228    1   24.02.2021 06:53    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi