Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Онда халықтың ғасыралр бойы басынан кешірген тарихи оқиғалары, ерлік, батырлық, махаббат туралы ойлары, салт-дәстүрі жырланады. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған.
Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі.
Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық өрісін танытады. Тұрмыс-салт әдебиетінің негізгі түрлері:
• тұрмыс салт жырлары;
• мақал-мәтелдер мен жұмбақтар;
• лиро-эпостық жырлар;
• айтыс өлеңдері;
• тарихи жырлар, шешендік сөздер.
Лиро-эпостық жырлар- ауыз әдебиетінің мол әрі рухани қазынасы. Ғашықтық туралы жырларда тек екі жастың арасындағы махаббат, сүйіспеншілік қана айтылмайды, сонымен бірге халықтың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары, әдет-ғұрпы, өмірге деген көзқарасы да жырланады. Эпостық жырларда халық өз батырларының ерліктері жайында жырласа, сүйіспеншілік, махаббат туралы туралы жырларда арманына жете алмаған екі жастың махаббаты, ішкі сезімдері, қарапайым адамдардың тұрмысы-тіршілігі бейнеленеді. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», және тағы басқа туындылар лиро-эпостық жырларға жатады.
Халық ауыз әдебиеті қандай мұра? ( )
Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңыз. ( )
Халық ауыз әдебиеті нені жырлайды? ( )
Лиро-эпостық жырдың батырлар жырынан айырмашылығы неде? ( )
Ғашықтық туралы жырлардың тақырыбы қандай? ( )
Ғашықтық туралы жырлардың кейіпкері кімдер? ( )
Жазылым тапсырмасы.
1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, «Отбасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесі» тақырыбына мәтін құрастырыңыз. ( )
Абыройлы әке, тәрбиелеген, мән берген, шаңырақ иесі, кенже ұл, қамқоршы, құрметтеген, абыройын жоғары бағалаған, болашақ ана, ұрпақ жалғастырушы, инабатты, сымбатын сақтау.
2. Мақал-мәтелдерді толықтырыңыз. ( )
Атаның баласы , а
Ер жігіт елі үшін , елі үшін
Қызға үйден тыю.
Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс .