Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі. Ұлтымыздың салт-дәстүрі сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі тұлғаларымыз бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы естіледі. Көп халық, щулы жер . Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, түрлі мәдени орындар, зәулім үйлер, әдемі ғимараттар, үлкен-үлкен дүкендер бар. ЗАДАНИЕ:
"Ел, келешек" берілген сөздердің синонимдерін мәтіннен табыңыз.
ИДЁТ СОЧ
Ел- халық
Келешек- болашақ