Ауа райының белгілі бір жерге тән, көп жылдық орташа жай-күйі климат деп аталады. «Климат» сөзi грек тiлiнен аударғанда «ылди, еңiс» мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi мен күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары болса, күн сәулесiнiң түсу бұрышы да соғұрлым үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.

Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.

Сiз бен біз қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Өсiмдiктер қыс кезiнде өсуiн тоқтатып, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, ал қалған жануарлар қысқа қорек жинайды. Ауа райы өзгереді, ал климатқа тұрақтылық тән.

1) Мәтіннен сын есімдерді табыңыз. Найдите прилагательные в тексте /2/

-Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз.- Какой вопрос поднимается в тексте? /1/

3.«Біз қоңыржай климатта өмір сүреміз» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз. Согласны ли вы с мнением автора о том, что «мы живем в умеренном климате»? Докажи свою точку зрения.

/1/

4. Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.

Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген? ответьте на следующий вопрос одним предложением. Каковы причины изменения климата в тексте?/1/

соч хелп мне

vnigmatullina vnigmatullina    1   29.10.2020 10:20    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi