Ауа райын болжау не үшін қажет деп ойлайсың мәтін 120-150 сөз

tahmina9 tahmina9    2   13.05.2021 08:12    0

Ответы
Reginmdms Reginmdms  13.05.2021 08:20

Ауа райын болжау – ауа райын алдын ала ғыл. негізде анықтау. Алдымен синоптик. процестер (ауа массалары, антициклон, атмосф. шебі, т.б.) анықталады, соның негізінде атмосф. құбылыстар (жауын-шашын, тұман, боран, т.б.) болжанады. Уақыт ұзақтығына байланысты Ауа райын болжау өте қысқа, қысқа (1 – 2 тәулікке), орта (3 – 10 тәулікке), ұзақ (бірнеше айға дейін) және өте ұзақ (бір жылдан астам) мерзімдік болып бөлінеді. Синоптик. және аэрол. ст-лардан келетін мәліметтердің өңделуі нәтижесінде циклондар мен антициклондардың, т.б. синоптик. нысандардың қозғалысы бақыланады. Ауа райын болжау үшін қысым және топография карталары, ғарыштық түсірімдер, т.б. мәліметтер қолданылады. Синоптик. жағдайларды болжау бірнеше кезеңнен тұрады: 1) циклондар мен антициклондардың пайда болуын, дамуын және қозғалысын болжау; 2) атмосф. шептердің қозғалысын және өзгеруін болжау; 3) атмосферадағы ағындардың бағытын болжау. Гидрометеорология орт-нда ауа райынан басқа ауыл шаруашылығы дақылдардың өсуі, өнімділігі болжанады, сондай-ақ мал ш-на да қатысты болжаулар жасалынады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi