Ата заң туралы жиынтық бағалау Ата заң – ел тірегі.
Біздің Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз. Осы әділ Заң аясында көп ұлтты Қазақстан халқы бір анадан туып, бір ананы емгендей тату-тәтті бақытты өмір сүріп, еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, байлығын молайтып, қорғаныс қуатын арттырып келеді.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады. Біздің еліміз Ата Заң аясында тарих үшін аз жылдың ішінде әлеуметтік- экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан, саяси тұрақтылық берік қалыптасқан, іргесі мықты, айдынды ірі мемлекет ретінде дүниежүзіне танылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

1. Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.
1.
2
3.
4.
5.
(3 ұпай)
2. Бала құқығы туралы не білесіздер? (6 сөйлем)

(3 ұпай)
3. Берілген етістіктерге өзгелік, өздік, ортақ, ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғап, 4 сөйлем құрастырыңыз.

yuniman yuniman    2   08.12.2020 00:02    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi