Ата заң эссе Осыдан жиырма төрт жыл бұрын, 30-тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа кезеңге қадам басқан болатын. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың алға қарай басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер- демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік ел ретінде орнығу талпыныстарының барлығы Ата Заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.
Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 24 жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата Заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата Заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Қазақстан Республикасы ел болып еңсесін көтеріп, тәуелсіздік алып елдігін арттырғаннан бергі жасампаз істерінің бірі және ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Констиуциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды ететін аса маңызды құжат болып табылады.

akena0932 akena0932    1   06.12.2021 12:22    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi