Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Себебі интернет дамыған заманда әлемнің кез келген түкпірінде қандай ауа райы екенін немесе алдағы аптада күн райы қандай болатынын үйде отырып та білетін болдық. Әйтсе де бұл болжамдар табиғи апаттар мен зілзалалардан кейде сақтап, кейде бармақ тістетіп жататыны да бар. Ал ертедегі қазақ халқы ауа райын қалай болжаған? Академик-ғалым Ақселеу Сейдімбек «Қазақ әлемі» ғылыми-зерттеу еңбегінде осы ауа райы болжамдарын да жазып кеткен. Ендеше, назарларыңызға ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз. Құр мен шіл қар астын қорғаласа, кешікпей-ақ боран болады. Бозторғай ұясын ойпаңға салса, жаз қуаң болады. Бозторғай ұясын қыраңға салса, жаз жауынды болады. Дуадақ қыстап қалса, қыс жайлы болады. Қамыс торғайы ұясын биікке салса, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі. Қызыл қаз саздан соғатын ұясының іргесін биік етсе, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі.Міне осындайжорамалдар жасаған.
Біздің ата-бабамыз ерте кезден дана болған.Егер де кешке қарай күн қызарып батса,ертеңгі күні күн жылы,яғни ыстық болады.Ай шалқасынан туса,күн суық болады.