Ата ажеме хат жазу комектесинизши отинем

asssssw asssssw    3   20.08.2019 12:10    4

Ответы
nikaa10 nikaa10  09.08.2020 15:54

Хат.

Сүйікті,ата,әже,қалайсыздар?Денсаулықтарыңыз жақсы ма?Менде бәрі керемет.Күнде сабақтан тек бестік бағалармен оралып жүрмін.Демалысқа шығып,ауылға келгенде сіздерге міндетті түрде күнделігімді көрсетемін.Сіздерді қатты сағынып жүрмін.Әже,сіздің сол бір шілдедегі ащы құртыңызды,аяулы алақаныңызды сағындым.Ата,ал сіздің өмірлік кеңестеріңіз бен арқамды сипап беретініңізді аңсаудамын.Мына жақта мен әкешім мен анама қолқабыс та болып жүрмін.Кішкентай Айсәуле де өсіп келе жатыр.Ал өздеріңіз сыйға тартқан Сұңқар құлын қалай?Ата,маған бірге ертоқым істейміз дегенсіз...Сөзіңізде тұрып,мені күтіңіз.Достарыма сіздер туралы мен мақтана айтамын.Олардың кейбіреулері тіпті ауылға бір рет те болсын барып көрмепті,білесіздер ме? Менің сіздердей жанашыр жандарым барына қуанамын!Аман жүріңіздер!

Сәлеммен немерелеріңіз – (сенің есімің/твоё имя).

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi