Ата ана отбасының ұйытқысы эссе 70-80сөз өтініш тезірек​

kornsergo23 kornsergo23    1   27.10.2020 11:20    1

Ответы
Максим5955 Максим5955  26.11.2020 11:21

Ата-ана отбасы ұйытқысы. әрине бұл сөзді жиі естімесекте бұл сөз шын. Мысалы біз алдымен бала кімнен үлгі алатынына тоқталайық. Әрине қыз бала анасынан үлгі алады. Ал ұл бала әкесінен үлгі алады. Егер ата ана отбасында барынша ұрыс керіссіз өмір сүретін болса,балалар осылай өмір сүру керек екен ғой деп үлгі алады.

Кейбір отбасылар бар. Үнемі ұрсысатын,әйеліне қол көтеретін, бірін бірі сыйламайтын. Балалар ата анадан үлгі алатын болғандықтан,бәрін солардан үйренеді. Сондықтан ата аналарға айтарым барынша қиындықтарыңызды балалардың көзінше талқылап ұрыс шығармаңыздар. Сіздер қалай сөйлесеңіздер бала да солай сөйлейтін болады. Баланың тәрбиесі өз қолдарыңызда.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi