Астанада жаңа көпір бой көтерді
Бұл туралы Ақорданың ба з қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады. «Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ,
онда оның пішіні Атырау облысының нышаны болып табылатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. Жаңа көпір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы қызмет ететін Атырау облысының лайықты сыйлығы болмақ.
«Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – дейді қала тұрғыны Әсима Әлжаппарқызы.
Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар орнатылған.
Тексеру соңында Атырау облысының филармония және концерт қызметкерлері ұйымдастырған ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында театрландырылған «Елдің жігері – Астанама» атты концерттік бағдарлама көрсетілді.

1. Жоғарыдағы мәтінді мұқият оқып, жаңа нысанның дизайнын суреттеңіз. Толық сөйлемдермен жауап беріңіз.

2. Жоғарыдағы мәтінді мұқият оқып, жаңа нысанның кем дегенде екі артықшылығын көрсетіңіз.Толық сөйлемдермен жауап беріңіз

3. Жоғарыдағы мәтінге сүйене отырып, жаңа нысанның пайдасы қандай? Кем дегенде екі пайдалы тұсын көрсетіңіз. Толық сөйлемдермен жауап беріңіз.

4. Жоғарыдағы мәтінге сүйене отырып, жаңа нысан туралы өзіңіздің пікіріңізді білдіріңіз.Толық сөйлемдермен жауап беріңіз.

5. Жоғарыдағы мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз. \Толық сөйлемдермен жауап беріңіз

6. Жоғарыдағы мәтіннен термин сөздерді теріп жаз.

7. Мына мәтіннен 9 диалект сөзді тауып, теріп жазыңыз. Бес жасар Бейсенбай азанда ерте тұрып, бақшадан екі-үш бәдірен үзіп алып, дәу тамның артындағы әнкеншекке жайқасты. Кенет әулінің дарбазаға тақау бұрышындағы тауық кепеден біресе мекиеннің, біресе қораздың жарыса шыққан дауыстары естілді. Ол әткеншектен секіріп түсіп, солай қарай тұқым алуға беттеді.

Tipaniktuta Tipaniktuta    3   07.12.2020 10:00    3

Ответы
школьник62728474щ3 школьник62728474щ3  07.12.2020 10:10

Соның бірі – қазір құрылысы қызу жүріп жатқан Самал ауданы мен Амфитеатрды байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі.

Ағысы жылдам, қарқыны күшті, қоршаған ортаға қуат берген тіршілік нәрі секілді Елорда да қарқынды дамып, айналасына дем беріп келеді. Жалпы Астана Еуропа мен Азияны жалғайтын көрікті көпірге айналып үлгерді.

Алғаш болып Есіл өзенінде «Тұлпар» көпірі салынды. Ізін ала қос жағалауды байланыстыратын бірнеше көпір бой көтерді. Оның ішінде автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірі де бар. Ал мына көпір жаяу адам мен велосипедшіге арналған.

Құрылысшылардың айтуынша, жұмыс аяқталуға шақ қалды. Сондықтан төніп тұрған қауіп жоқ. Құрылыс қызу жүріп жатыр. Аяқталуға аз қалды. Көркемдігі көз тартар көпірдің ерекшелігі де бар. Мәселен, мұнда 3 мыңнан асатын темір жапырақтар орнатылған. Көлемдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды.

Бір жағында 3 метрден аса велосипедпен жүретін, бір жағында 7 метр, ортасында 15 метр жаяу жүретін көпір болып есептеледі. Бұл – Атырау облысының Астанаға беріп отырған сыйлығы. Өте күрделі көпірлердің бірі болып есептеледі. Мұндай көпір Қазақстанда жоқ. Ал салмағы 2 500 тоннаны құрайтын мына көпірді су астына қалай орнатқандығын біреу білсе, бірі білмес.

Мұның технологиясы өте күрделі болып есептеледі. Судың ағысын тоқтатпас үшін әуелі дамбы салынып, ортасына турба қойылады. Сол дамбының үстіне қорғандары көтеріліп, осындай көпірдің мүсіні шығады. Сұлу сұлбасы түзілген көпірге көпшілік тамсана қарап жүр. Құрылысы аяқталса, аяңдауды асыға күтеді. Тіпті алыстан арнайы атшаптырып келгендер де бар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi