Астана-елімнің жүрегі Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Неологизм сөздерді
теріп жазыңыз.
Астана-ұлтан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің
XI-XIII ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда
археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі
15 шақырым жерде. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек,
Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап,
болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмсана қаласын астана жасаймыз дегенде
қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні
тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.
Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің
болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген
дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай
жарқырады. Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың
даңғыл жолына түсті.
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем каласы» атағына ие болды.
Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек.
Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара
еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен
тұтастықтың ғажайып үлгісі
Отанымыздың жүрегі Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай.
тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман
Қала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
і і і
ІІІ.
Мәтіндегі көтерілген мәселе
Неологизм, термин сөздерді теріп жаз
Неологизм сөздер
Термин сөздер​

АнгелинаМанакова АнгелинаМанакова    1   02.12.2020 05:45    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi