Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Ол Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Астана бұрын
«Ақмола» деп аталған. Кеңес үкіметі кезінде қала «Целиноград» деген атауға ие
болған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола ресми түрде Қазақстанның
астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда Н. Ә. Назарбаев Ақмола
қаласын Астана деп атау туралы жарлықшығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа
астананың ресми тұсаукесер тойы болды. 2006 жылдан бастап «Астана күні»
6 шілдеге ауысты. Жыл сайын осы күні «Астана күнін» тойлаймыз.
Астана - жас әрі сұлу қала. Астана қаласының бас символы «Бәйтерек»
монументі. Оның биіктігі - 97 метр. «Бәйтерек» монументі Есілдің сол жа-
ғындағы алғашқы сәулет туындысы. Астанада саябақтар, жаңа ғимараттар
бар. 2001 жылы 8 қыркүйекте «Қазақстан картасы - Атамекен» тарихи-этно-
графиялық кешені ашылды. Саябақта Қазақстанның қалалары мен тарихи
ескерткіштер көрсетілген.
1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.
Составьте диалог по тексту 4 вопроса,4 ответа

Раяна771155 Раяна771155    1   03.02.2021 10:16    1

Ответы
dickosh97 dickosh97  05.03.2021 10:20

1.Астана бұрын қалай аталған?

Астана бұрын Ақмола деп аталған.

2.Бәйтеректің ұзындығы неше метр?

Бәйтеректің ұзындығы -97 метр.

3.Астана күні қай күнге ауысты ?

Астана күні 6-шілдеге ауысты.

4.Астананың ресми тұсау кесері қашан болды?

Астананың ресми тұсау кесері 1998 жылы 10 маусымда болды.

Объяснение:

10000

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi