Астана-Қазақстан Республикасының астанасы. Ол Қазақстанның Солтүстік бөлігінде орналасқан. Есіл өзені қаланың ортасынан ағып өтеді. Астана бұрын Ақмола деп аталған. Кеңес
үкіметі кезінде қала Целиноград деген аталған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола
ресми түрде Қалақстанның астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда Н.Ә.Назарбаев
Ақмола қаласын Астана деп атау туралы жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа
астананың ресми тұсаукесер тойы болды. 2006 жылдан бастап Астана күні 6 шілдеге ауысты.
Жыл сайын осы күні Астана күнін тойлаймыз. Астана-жас әрі сұлу қала. Астана қаласының бас
символы-Бәйтерек монументі. Оның биіктігі-97 метр. Бәйтерек монументі-Есілдің сол
жағындағы алғашқы сәулет туындысы. Астанада саябақтар, жаңа ғимараттар бар. 2001 жылы 8
қыркүйекте «Қазақстан картасы-Атамекен» тарихи-этнографиялық кешені ашылды. Саябақта
Қазақстанның қалалары мен тарихи ескерткіштер көрсетілген. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен
Астана Әлем қаласы атағына ие болды.
А)Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
1
Ә)Мәтіннің негізінде сұрақтарға жауап бер​

nikaa10 nikaa10    1   04.03.2021 13:35    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi