Аспан сүті
Айлы түнде бұлтсыз аспанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жат-
қан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол «Құсжолы» деп аталады. Оған Күн жүйесі
және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құсжолы күз айларында
жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге
қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен.
«Галактика» сөзі ежелгі мысырлық «гала» – «сүт» деген сөзден шыққан.
Бұл галактика «Сүтжолы» немесе «Құсжолы» ретінде әйгілі.
( «Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)