Қашықтасың туған жер мәтін түрде жазу керек
Қашықтасың туған жер, қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен,
Қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
0, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі.​

alyvolkonskaya394638 alyvolkonskaya394638    1   17.10.2020 18:23    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi